Қазақстандықтар кедейленіп барады. Finprom.kz сайтының мәлеметіне сүйенсек, елімізде тапқан табысы күнкөріс деңгейіне де жетпейтіндер саны 20 процентке артқан. Сондай-ақ, еліміз бай адамдар санының көбеюі жөнінен елдердің ТОП-10-на еніп отыр.
2020 жылдың төртінші тоқсанында табысы күнкөріс деңгейінен төмен жандардың саны 140 мыңнан асыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 процентке көп. Ал аймақтарға тоқталатын болсақ, түркістандықтар кедейленіп барады. Себебі, мұндағы халықтың 20 процентінің табысы төменгі күнкөріс деңгейінен де аз . Түркістанның қатарында Алматы мен ШҚО бар. Ал біздің Атырау облысы бұл рейтингте ең төменгі орында.