Президент Қ.Тоқаев бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Бас мүфти Тоқаевқа атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады. Бұл туралы Аkorda сайты хабарлайды.
Наурызбай Тағанұлы пандемия кезінде оразаның ұйымдастырылу ерекшеліктері, қайырымдылық шаралары жайында және елордада ислам академиясын құру жұмыстарының басталғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, пандемия кезінде жамағатты сабырға шақырып, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірді.