Соңғы екі күнде атыраулықтар ауада жағымсыз иіс пайда болды деп шағымдануда: меркаптан ба, шіріген жұмыртқаның ба, кәріз суларының ба — әйтеуір қолқаны қабатын түрлі иіс шықты.
Біз атмосфералық ауаның сапасы туралы нақты уақытта ағымдағы мәлімет берілетін «Қазгидромет» РМК сайтын қарап көрдік. Көрсеткіштерден адам шошиды.
Сонымен, 30 наурызда кешкі сағат 18-де ПНЗ №8 (Химпоселок) ауданында РМ бөлшектерінің көбейгені тіркелді, ал Перетаска аймағында көміртегі тотығының (СО) мөлшері 4466 еседен асты (!). — Википедияға сүйенсек, бұл көміртегі тотығы.
№5 (Сәтбаев-Владимирский) және №6 (ескі әуежай) ПНЗ аймағында азот оксидінің (NO2) мөлшері 324 есе көбейгені тіркелді. Атмосфераға жайылып кететін азот оксиді қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді, себебі ол қышқылды жаңбыр тудыруы мүмкін және өзі де шырышты қабықты тітіркендіретін улы зат. Азот қостотығы негізінен тыныс алу жолдары мен өкпеге әсер етеді, сонымен қатар қан құрамын өзгертеді, атап айтқанда қандағы гемоглобиннің мөлшерін азайтады.
Экология департаменті тұрғындардың шағымдарына назар аударып, Пропарка аймағында өлшем жүргізу нәтижесінде олар ластаушы заттардың шекті мөлшерін 10-12 есеге артық екенін анықтады. Заңнамаға сәйкес барлық құжаттар санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына жолданады.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Дереккөз: Azh.kz