Оңай олжа табам деп, жауапкершілікке тартылды. Маңғыстауда қызмет бабын асыра пайдаланған онкологиялық диспансер басшысы Нұрлан Жариевтің іс-әрекеті әшкере болды.
Басшы мемлекеттік сатып алу кезінде заң бұзушылыққа жол берген. Яғни, әйелінің атына тіркелген серіктестікке бір миллион жеті жүз мың теңге көлемінде ақша аударып, өз ара келісім шарт жасады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстағы өкілі мәлімдеді.
Ал, облыстың бас онкологы болса, артық қаражат жұмсалып, кемшілік жібергенін мойындап отыр. Десе де, пандемия кезінде 80 маманның тәжірибесін шыңдап, олардың арнайы курстан өтуі үшін осындай қадамға барғанын айтып ақталуда. « Қызметкерлер орталық есебінен оқыды, әр қайысысына 90-95 мың теңге ақша бөлінді» — дейді Нұрлан Жариев.
Агенттік өкілдерінің мәліметінше, өндірістегі қылмыстың көпшілігі пара алу, бюджет қаражатын жымқыру және қызмет бабын асыра пайдалану болып табылады .
Талдау көрсеткішіне қарағанда жемқорлықтың көп кездесетіні жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласы екендігі байқалады.