Атырау облысында 9 наурызда мұғалімдерді вакцинациялау басталады.
Нақтырақ айтқанда, 2000-ға жуық ұстазға өз қалаулары бойынша ковидке қарсы «Спутник-Ви» егіледі. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың сөзінше, вакцина ертең Ақтөбеден жеткізіледі. Екпе әуелі бұрын алмаған дәрігерлерге,сосын пеадгогтарға, кейін түрлі санаттағы азаматтарға салынады. Бүгінге дейін шамамен 800-ге жуық медицина қызметкері екпенің екінші дозасын қабылдаса, қалған 200-і бекітілген кесте бойынша қабылдайды.
Асхан БАЙДУВАЛИЕВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
4 наурыз күні Атырау облысына қосымша 2000 доза вакцина келеді. Содан 15-наурыз күні тағы да 3500 доза жоспарланып отыр әкелуге.Соның барлығы біздің Атырау облысының мұғалімдер осы,білім беру саласындағы қызметкерлерге, студенттерге және жергілікті полицейлік қызметкерлерге салуға жоспарланып жатыр.