Қызылқоға ауданындағы Ойыл өзенінің қазіргі жағдайына алаңдаған тиісті министлік өкілдері ауданға арнайы келді.
ҚР Экология, геология және табиғи ресустар министрінің кеңесшісі Сәрсенбай Еңсегенов бастаған жұмысшы топ мүшелерінің айтуынша, Ойылдың арнасының толмауына түсетін жауын-шашынның аздығы, тоңның түспеуі секілді табиғи факторлар да әсер етуі мүмкін. Ал, нақты іс-шараны қолға алу үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізсе де артықтық етпейді.
Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі
Әрине бұл мәселенің барлығы зерттеуді қажет етеді. Сондықтан біз бүгін Ойыл өзеніне қатысты сапарымыздың соңғы нүктесін Қызылқоға ауданы Миялыға тұрғындарымен кездесуден кейін бұл мәселенің бәрін жинақтап министрдің тиісінше өкіметке қоямыз деген ойда отырмыз.
Ойыл өзені арнасының толмауы аудан көлемінде ауыз су көздері болып табылатын Қарасу, Тайсойған жер асты су қорларының азаюына, мал шаруашылығы, егін егу жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтіруде.Және халықты жаздыгүні ауыз сумен толық қамту да мүмкін емес болып отыр. Сондай-ақ, министрлік өкілдерімен кездескен тұрғындар жерасты суларына да қатысты ойларын айтты.
Бірақ, министрлік өкілдері бұл сұрақтарға нақты жауап берген жоқ. Айтуларынша, бұл жолы тек Ойыл мен Жемнің жағдайын көзбен көріп, халықтың ұсыныс-пікірін білуге келген.