1 наурыздан бастап Қазақстандағы ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдар жаңаша жұмыс істейді.
Енді үстеме пайыздар мен шағын шрифтерге, яғни көзге көргісіз жазуларға жол жоқ. Ал бұл шартқа келіспеймін деушілерге лицензия берілмейді. Бір сөзбен айтсақ, бұдан былай шағын несие үлестіретін мекемелер тұрақты түрде есеп беретін болады. Осыдан кейін халықтың қаржылық сауаты аз да болса артады деген үміттеміз дейді Айдос Ибраймов.
Айдос ИБРАЙМОВ, заң магистрі
Негізі шартқа сәйкес, екіжақты келіседі. Алайда тұтынушы ретінде қарызға алушы шартты оқымай оның пайыздық көлемін оқымай жатады. Білмегендіктен несиені алып қалады. Алған уақытта оның көп көлемде екенін біліп отыр. Алайда микрокредиттік мекемелер олар өздері пайда көргісі кледі.Сондықтанда бұны реттеу керек.
Сондай-ақ, алдағы уақытта микроқаржы ұйымдары қарыз алуға келген азаматтардың несие тарихы мен табысын ескеретін болады.
Жарқынай Қанатова, Ақылбек Кертаев, КН