Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты — CaspianLife ақпараттық порталы

Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

14 ақпанда «Алматы-Өскемен» автожолында жол апаты болып, салдарынан 7 адам қаза тапты. Бұл туралы  azattyq-ruhy.kz сайты хабарлайды.

Алдын ала анықталғандай, Nissan Qashai маркалы автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған Volvo көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты (Nissan жүргізушісі мен көліктегі 4 жолаушы, сондай-ақ Volvo көлігіндегі бір жолаушы). Қазір қаза тапқан адамдардың жеке басы анықталып жатыр.

Сондай-ақ аталмыш оқиғаға байланысты «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша тергеу басталды.

Оқи отырыңыз...