Алматы облысында тағы бір адам итті көлігімен сүйреп, жануарға қорлық көрсетті. Бұл туралы Inalmaty.kz сайты хабарлайды.
Оқиғаға куә болғандар ит қатты қиналғаннан аузынан көбік аққанын айтты.
Көлікке байланған иттің фотосуреттері желіде тез тарап кетті. Жүргізуші жіпті көлікке байлап, итті сүйреген. Бұл оқиға Бәйтерек ауылында болуы мүмкін деген болжамдар бар.
«Ең қорқыныштысы, иттік аузынан көбік ағып жатыр. Жанына барып сұраған кезде, иттік басқа жерге апару үшін көліктің артына байлағанын айтты», — делінген хабарламада.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының 52 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады департамент.