Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға алу құны 10-20% қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлайды.
Елде жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу айналымы былтыр 2,4 есеге өскенмен, арадағы делдалға түсетін пайда азайған. Алайда пәтерін жалға беретіндер 2020 жылы 600 млн теңгеден аса, ғимаратты жалға беретіндер 200 млн теңгеден аса табыс тапқан. Сауда нарығындағы жағдай керісінше. Мұнда кіріс 28,3%-ке дейін төмендеп, небәрі 16,2 млрд теңгеге жеткен. Жалпы өткен жылы тұрғын үй саудасы 2,5 есеге өсті.
Мамандар биыл импорттық заттарға бағаның өсуіне байланысты баспана бағасы да қымбаттайтынын айтады. Ал наурыздан бастап жылжымайтын мүлікті жалға алу құны 10-20% -ке дейін қымбаттауы мүмкін.