Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары облыс аудандарында да қарқынды жүруде. Құрманғазы ауданы бойынша желілік кестеде бекітілген 178 шара болды.
Үгіт-насихат жұмыстары 11 желтоқсаннан басталды. Оған дейін кандидаттар тіркелді. Кандидаттармен үгіт-насихат жұмыстарын бастағанға дейін, 21 қазанда оған алдын ала дайындық жүргізілді.
Солардың бірі ретінде алар болсақ, 30 желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Замзагүл Карсакова және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Болат Жүгінісов, Бержан Кенжебаев, Нұрлан Хұсайнов, Амангелді Рахметденов Жаңаталап ауылдық округіндегі сайлаушылармен жүздесті.
Бұдан бөлек, канвассингтер өткізіп, әрбір үміткер ауылдағы қариялардың үйіне кіріп, олардың хал-жағдайын біліп, ұсыныс-пікірлерін жазып алып кетті.
Ақкөл округінде де кандидаттар тұрғындарға партияның басымдылығы туралы айтылып, ауыл тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.