Алматыдағы Ішкі істер министрлігі академиясының асханасында 19 жастағы Саламат Өтегенов асылып қалған күйінде табылған болатын.
Бұл туралы «Уральская неделя» жазды.
Басылымға курсанттың қазасы туралы мақала шыққан соң, марқұм Саламат Өтегеновтің анасына басқа академиялардағы курсанттардың ата-анасы хабарласқан.
Дереккөздің жазуынша, ата-аналар Саламат Өтегеновтің анасына басқа оқу орындарында ақша жинау, қысым көрсету фактілері бар екенін айтқан.
Алматыда қайтыс болған курсанттың анасы Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, ұлының қазасы туралы ақпарат тараған соң, өзге ата-аналар WhatsApp арқылы хат жазған. Бірі – академияда ақша жинайтынын, екіншісі ұлына қысым көрсеткен соң ІІМ академиясынан кеткенін айтқан.