Орта салмақтағы IBFжәне IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы – қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) 2021 жылы жекпе-жекке шығатын екі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Бұл жайлы The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер мәлім еткен. Еске сала кетсек, Геннадий 19 желтоқсан күні таңертең поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-1, 5 КО) айқасып, жетінші раундта жеңіске жеткен болатын. «Егер «Канело» болмаса, GGG-дің келесі қарсыласы кім болмақ? Ең ықтимал нұсқа – мексикалық Хайме Мунгия. Дереккөздерге сүйенсек, кездесу көктемге жоспарланып отыр.
Енді біреуі: супер жұлдыз болып саналатын олимпиада чемпионы Риота Муратамен Токиода айқасу. GGG осы екі жекпе-жектің фавориті болмақ және бұл оны күзде одан да маңызды жекпе-жекке ынталандырады», — деп жазды Коппинджер.