Жылыойда қос бірдей су жаңа балабақша ашылып, тұрғындарды қуанышқа кенелтті.
Қаланың екі шетінде орналасқан ықшамауданның бөбектері енді алысқа ұзамай, үйлеріне жақын маңдағы мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленетін болады. Ғимараттардың екеуі де 280 балаға шақталған.Әр құрылысқа кеткен қаражаттың жалпы құны бес жүз жетпіс миллион теңгеден асады.
Тоғжан НАЙЗАБЕКОВА, балабақша меңгерушісі
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мұрагер» ықшам ауданынан үлкен балабақша ашылуда. Атауы «Салтанат» бөбекжай балабақшасы деп аталып жатыр. Бұл осы «Мұрагер» ықшам ауданының халқы үшін өте қуанышты жаңаалық деп ойлаймын. Себебі, тұрғындардың балалары балабақшамен қамтылатын болады.
Жаңа заман талабына сай қос балабақшаның іргетасы 2018 жылы қаланды. Ғимараттың ішінде баланың ой-өрісін дамытуға барлық жағдай жасалған.
Әнуар ШӘКІРОВ, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары
Жылыой ауданы халқын құттықтаймын. Осындай тағы да екі балабақша ашылды. Өте жақсы, керемет заманауи үлгіде салынған. Ішінде бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалынған, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Және де алдағы уақытта осы балабақшада көптеген балалар тәрбие алып, осындай үлгіде болатынына сенімдіміз.
Екі бөбекжайдың да ашылуы салтанатты түрде өтті.Аудан әкімі тұсаукесер рәсіміне арнайы қатысып,ақсақалдармен бірге лентасын қиды.Соңында құрылыс жұмыстарын жүргізген мекеме басшылары, балабақша меңгерушілеріне символикалық кілтті табыстады.