Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірген экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Agropolska.pl.
51 жастағы күдіктіде бұрын «көк карта» болғаны анықталды. Ол Польшада тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға беріледі екен.
Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, офицер агрессив мінез-құлқына, сондай-ақ алкогольге байланысты полициядан босатылды.
Бұдан бөлек, күдіктінің үш айға қамауға алынғаны айтылады. Экс-полицей өмір бойына немесе 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, 1 қарашада Польшада 16 жастағы қазақстандықты аңшы атып өлтіргені хабарланған болатын. Қайғылы оқиға 1 қарашада Клучковицадағы интернат маңында студенттер білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасын барған кезде болған.