Пандемия кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өз-өзіне қызмет көрсету секторлары жабылған еді. Алайда бұл шара коммерциялық ұйымдардың пайда болуына әкеп соқтырды.
Тұрғындар әдетте тегін алатын мемлекеттік қызметтер, мәселен, электрондық цифрлық қолтаңбаға қол жеткізу немесе e-gov базасына тіркелу белгілі бір төлем арқылы жүзеге асты. Одан бөлек, санитария талаптары дұрыс сақталмағандықтан вирус жұқтыру қаупі де артты. Сондықтан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жандандырылмақ.
Рауан РЫСҚАЛИЕВ, Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы
Министрдің тапсырмасына сай, барлық облыста өз-өзіне қызмет көрсету секторлары ашылды. Коммерциялық негіздегі қызметтер бірен-саран болғанмен, қазір олар жоқтың қасы. Арақашықтықты сақтап, қызмет көрсетіп жатырмыз. Барлық санитарлық талаптар сақталған.
Қазір өз-өзіне қызмет көрсету секторларында келушілердің мемлекеттік қызметтерді артық шығынсыз алуын қадағалайтын мамандар жұмыс істеуде.