«Дара тұлға, дана тұлға – Елбасы» тақырыбында Индер аудандық мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Жиында аудан әкімі аймақтың соңғы отыз жылда жеткен жетістіктерін Елбасы саясатының жемісі екенін сөз етті.
Шара барысында аймақтың еңбек ардагерлеріне «Индер ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп, бір топ сала қызметкеріне аудан әкімі мен мәслихаттың Алғыс хаты табысталды.
Жиынға облыс орталығынан Академиялық Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрі арнайы келіп өз өнерлерін паш етті. Олар бабалар ғұмырынан сыр шертетін күйлер мен әуезді әуенге толы сыршыл әндерді паш етіп, көптің ықыласына бөленді. Жергілікті өнерпаздар да тыс қалмай, мереке шырайын аша түсті.