Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанынан құрылған ведомствоаралық комиссияның жиынында жас жұбайларды некеге кез келген күні тіркеу керектігі туралы ұсыныс тастады. Оған болашақ ерлі-зайыптылар азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне белгіленген мерзімде келе алмай жатуы себеп болып отыр.
Осы және өзге де халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жеңілдету нұсқалары ұсынылды. Жоғалған дипломды қалпына келтіруде туындайтын қиындықтар да айтылды.
Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы
Құжаттардың жоғалғандығын растау өте қиын болып отыр. Бір өтініш арқылы бірнеше диплом алуға болатындығы анықталған және бұл жерде пошта шығындары да бар. Соны өтеу мәселесі де нақты шешілмей тұр.
Жиында облыстық мұрағатқа дипломның көшірмесін сақтау туралы ұсыныс айтылды.
Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы–2025» бағдарламасы аясында бір кәсіпкерге бөлінетін грант мөлшерін 1 миллион теңгеге дейін төмендету көзделген. Сондай-ақ, гранттарға өтінімдерді қарау мерзімі де қысқартылмақ. Бұл болашақ кәсіпкерлердің қызығушылығын арттыруға көмектесіп, жалпы мемлекеттік қызмет көрсету аясын жеңілдетеді.