Биылғы жаңа жыл бұрынғылардан өзгеше өтеді. Өйткені, шенділер қаражатты үнемдеу мақсатында ескі безендіру құрылғыларын қайта пайдаланбақ. Сондай-ақ, желтоқсандағы басты мейрамның бірі – тәуелсіздік күніне көбірек көңіл бөлінеді.
Атыраудағы бас шыршаның ауыстырылмағанына үш жыл болды. Дегенмен мерекелік көңіл-күйді жоғалтпас үшін демеушілердің көмегімен тірі шырша орнатылуы мүмкін дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы.
Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы
Тәуелсіздік мерекесіне орай да қала безендірілетін болады. Биыл қалалық әкімдіктен экологиялық мәселелерге көп көңіл бөлініп отыр. Сондықтан жаңа жыл қарсаңында тірі шырша орнату жоспарымызда бар. Бірақ оған бюджеттен қаржы қаралмаған. Демеушілердің көмегімен орналастырылуы мүмкін.
Әкімдіктегілердің сөзінше, жаңа жыл қарсаңындағы шаралардың көбі онлайн түрде өтеді.