Индер аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен шара Абай әлеміне тағы бір мәрте саяхат жасауға мүмкіндік берді. Алдымен көпшілік назарына ойшылдың шығармалары мен ол туралы жазылған жаңа кітаптар ұсынылды.
Самиғолла ҒАЛЫМ, ақын
Абайдың тәлімі, тәрбиесі ұлтқа деген әлі де жалғаса беруі керек. Оған ешқандай тоқтау болмауы тиіс. Себебі, ол – ұлттың ұстазы. Әлемге танылған ойшыл. Біздер көбіне өлеңдерін жаттаумен, сөздерін айтумен келе жатырмыз. Ендігі мәселе Абайдың ойларын орындауымыз, түсінуіміз, шынай тәлім алып, соны өмірімізге лайықты түрде енгізуіміз керек.
Іс-шара «Құнанбайдың түсі», «Абайдың дүниеге келуі» тақырыптарындағы сахналық қойылыммен басталды. Өнерге құштар аудан жастары алыптың өлеңдерін оқыса, жас ақындар бабаға арнау шығарды. Ел арасында кеңінен тараған әндері де орындалды.
Жеміс ТІЛЕПҚАЛИЕВА, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Жалпы, аудан көлемінде қазақтың біртуар перзенті, рухани тірегі Абай бабамызға арналған мәдениет мекемелерінде, кітапханаларда, білім мекемелерінде кешенді жоспар жасақталып, сол бойынша шаралар өтуде. Бүгін көрермендерімізді шақырып керемет шараны тамашаладық. Шара өте жоғары деңгейде өтті.
Ал көрермен қауым Рысбай Ғабдиев атындағы ұлт-аспаптар оркестрі мен мәдениет үйінің өнерпаздары, жергілікті балғын бишілер көрсеткен өнерге ыстық ықыласын жаудырды.