Жұрт желтоқсан кірмей жатып жаңа жылға дайындықты бастап кетті. Оны дүкендер мен мейрамханалардағы безендіруден байқауға болады…
Вирустың әлі жойылмағанын ескерсек, жыл сайын аста-төк дастарқан басындағы жиындардың болмайтыны айдан анық. Дегенмен білегін сыбанып отырғандардың қарасы көп.
Наталья ЗЫБИНА, мейрамхана басшысы
Алдын ала төлемдерді қабылдамадық, алда-жалда не күтіп тұрғанын білмейміз ғой. Біздікі – келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жеке кәсіпкерлер үшін жаңа жылды тым болмаса 30 адаммен тойлауға мүмкіндік береді деп үміттенемін.
Мерекелік кештердің көркін қыздыратын ұйымдастырушылар да дәл осылай дейді.
Юлия КУРМАКАЕВА, ұйымдастырушы
Әлі не болатынын білмейміз. Сондықтан дайындықты бастамадық, тек ересектер мен балаларға арналған мерекелік бағдарламны жобалау үстіндеміз. Егер 30 адамға дейін тойлауға рұқсат берсе, әрқашан да дайынбыз. Тіпті 15–20 азамат үшін мерекелік кешті өткізуге әзірміз.
Бүгінде өңірдегі эпидимологиялық ахуал тұрақты. Алайда карантиннің жеңілдетілетін түрі жоқ, әйтсе де кәсіпкерлердің жаңа жылға артқан сенімі мол.
Наталья ЗЫБИНА, мейрамхана басшысы
Кештерді санитария талаптарын қатаң сақтай отырып өткізуге кепілдік береміз. Осылайша қонақтарға жайлы демалыс сыйлаймыз. Онсыз да карантиннің кесірінен бірақ қонағымыздан айырылығандықтан, ендігі үміт жаңа жылдық мерекеде.
Пандемия салдарынан әбден шаршаған жұрттың көңілі мерекені аңсайтыны рас. Дегенмен тәуелсіздіктен бұрын жаңа жылды тойлауға асығатындарға вирус кедергі келтіре ме, жоқ па – уақыт көрсетер.