Атырауда ұн бағасы былтырғымен салыстырғанда 30 процентке қымбаттаған. Қарқынды өсім еліміздің бірқатар аймағында байқалады.
Күні кеше көршілес Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік нанның құны 15 теңгеге артқан. Атырау облысында бөлке нан мен қара нанның бағасы 150-160 теңгеге жетті. Ал ақ бидайдан пісірілген нанның құны әзірге бірқалыпты. Сарапшылардың сөзінше, ұн бағасын нарық реттейді.
Гүлмира ІСІМБАЕВА, сарапшы
Наурызда бидайға сұраныс артты. Бұл әрине әлемдік сұраныстың артуына да байланысты. Сондай-ақ, сәуір айында бидай экспортына қойылған шектеулердің болғанын айта кеткен жөн. Бұл – бидайға деген ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін жасалған амал. Бірақ маусым айында бұл шектеу алынып, бидай бағасы сәл де болсын арзандады. Дегенмен айтарлықтай өзгеріс болмады. Егер ұнның бағасы өссе, нанның құны да көтерілуі мүмкін.
Ұн бағасының өсуі одан жасалатын өнімдерге де әсер етпей қоймасы анық. Соның ішінде халықтың үрке қарап отырғаны – ақ нанның құны. Базар аралағанымызда ұн тамағын әзірлеуде қолданылатын шемішке май, секер секілді өнімдердің бағасында да өзгеріс барын байқадық. Бұл дегеніміз алдағы уақытта наубайшылардың да қарап қалмасын білдіреді.