АҚШ тұрғындары енді ешқайда шықпай-ақ бойында коронавирустың бар-жоғын тексере алады. Бұл туралы 24.kz порталы хабарлады.
Билік ковидті анықтайтын тест жинағы өз бетінше қолдануға рұқсат берген. Осыған дейін де америкалықтар үйден тексерілу мүмкіндігіне ие болған. Алайда алынған материал зертханаға жіберіліп отырды.
Ал жаңа сынаманың ерекшелігі оны үйден пайдаланып, ешқайда жібермей-ақ жарты сағат ішінде нәтижесін білуге болады. Сынама мұрын қуысы арқылы жүргізіледі. Тестті тек 14 жастан асқан азаматтар пайдалана алады. Сондай-ақ оны сатып алу үшін міндетті түрде дәрігердің нұсқаулығы болу керек. Оның құны шамамен 50 доллар тұрады. Қазіргі таңда АҚШ-тағы зертханаларда кезек көбейген. Ал үй жағдайындағы тексеру зертханаларға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді, дейді сарапшылар.