Ерекше білім мен медициналық көмекті қажет ететін балалар саны жыл санап артуда. Ал олардың денсаулығын оңалтып, қажеттілігіне қарай тәлім беретін мамандар тағы тапшы.
Атырау облысында 2000 жылы ашылған балалар денсаулығын оңалту орталығы – балаларды дамыту және кешенді емдеу қызметін жүргізетін жалғыз орталық. Биыл аталған мекеменің ашылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай, орталықта сала мамандары бас қосты. Жиында өткен жылдары атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Кездесуде орталық ардагерлері бейнежазба арқылы тілектерін жолдап, білім алушылардың ата-аналары алғыс білдірді. Сондай-ақ, мамандардың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жинағының тұсауы кесілді.
Анар КАЮПОВА, Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы
Қазір облысымызда 6 443 бала болса, солардың бәрі де осы орталыққа көмек алуға келу керек. Ал олардың келе алмайтын себебі бар. Жылына тек 900-дей бала осы жақтан көмек алады, одан да көп бала көмек алса деген ниеттеміз. Ол үшін біріншіден, жапсаржай қажет. Кабинеттердің жетіспеушілігі әлі бар.