«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» мен Адалдық алаңы жобалық кеңсесі республикалық маңызы бар Атырау–Ақтөбе тасжолындағы жұмыстардың сапасын тексерді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілінің сөзінше, бақылауды құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана жүргізбей, алдын ала қамданған абзал.
Жеңісбек БАЙШЕРКЕШОВ, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілі
Кемшіліктер анықталған жағдайда «Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен» бірге мердігер компанияға тиісті нұсқау беріледі. Жалпы, жыл басынан бері бұл бағыт бойынша 42 мониторинг жұмысы жүргізілді. Оның барлығы – қалалық, ауылдық деңгейдегі жолдар.
Талапқа сәйкес, әр шақырым сайын үш сынама алынып отырды. Сондай-ақ, жолдың ені 9 метр, ал материал қалыңдығы 10 см болуы шарт. Мониторинг кезінде аталған стандарттан ауытқушылықтар байқалған жоқ.
Мерей ТЕЛЕУҒАЛИЕВ, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК АОФ инженері
Тапсырыс берушімен белгіленген, бекітілген жолға шығу кестеміз бар. Сол кестемізге сәйкес, ай сайын жолға шығып тұрамыз. Мысалы, бір айда 3 рет, бір айда 4 рет, бір айда басқа жұмысқа бөлінген кестеміз бар.