Атырауда өтіп жатқан «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында өткен аптада айыппұл төлемей жүрген жүргізушілердің 46 автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды.
Ал 23 автокөлік иесінен 392 349 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Тұраққа қойылған көліктердің 37-сі Ресейден, бесеуі Армения елінен әкелінген. Сондай-ақ, Азаттық даңғылы бойында 10 рет жол қозғалысы ережесін бұзған ресейлік «Toyota Camry» автокөлігі тоқтатылған. 29 жастағы жүргізушісінің 194 460 теңге айыппұлы анықталып, көлігі айып тұрағына қойылды.