Румынияның Пьятра-Нямц қаласындағы коронавирус жұқтырған науқастары бар ауруханадан өрт шығып салдарынан 10 адам қаза тапқан. Тағы 10 науқас жарақат алып, күйік шалған.
Жетеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Олардың қатарында науқастарды оттан құтқаруға тырысқан кезекші дәрігер де бар. Бүгінде Румыния ауруханаларында қатты күйік шалғандарды емдеуге мүмкіндік болмағандықтан, ауыр жағдайдағы науқастар Брюссельдегі Астрид патшайымының әскери ауруханасына жеткізілді. Қалғаны Румынияның Яссы қаласында ем қабылдайды.
Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, от қысқа тұйықталудан туындаған болуы мүмкін. Қазіргі таңда өрт сөндіріліп, Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.