Атырауда Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары арнайы акция аясында жұрттың қалтасындағы шылымды жеміс-жидекке алмастыруды өтінді. Көпшілік ерекше ұсынысты қуана қабыл алды.
Темекіні қорабымен қия салғандар да, талдап бергендер де кездесті. Ең қызығы, тұрғындардың көбі шылым шекпейтін болып шықты. Сауалнамаға қатысқандардың 80 проценті жаман әдетпен әуестенбейтінін айтты.
Ләззат ӨТЕБАЕВА, облыстық СӨСҚО үйлестірушісі
Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, темекіге тәуелділікті төмендету және халықты шылымның зиянымен толықтай хабардар ету. Темекіден бас тарту көптеген аурудың алдын алуға және қаупін төмендетуге, адам өмірінің сапасын жақсартуға септігін тигізеді.
Акция көптің көңілінен шықты. Ал шара барысында жиналған темекі түгелдей жойылды.