Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметі мен құқық қорғау органдарына қорықшылардың құқықтарын күшейту және браконьерлерге жазаны күшейту мен қылмыстық әрекеттерін тоқтату туралы заңнаманы қайта қарауды тапсырғалы бірнеше қылмыстың беті ашылды.
Бұған Қарағанды және Ақмола аумағындағы «Охотаоопром» инспекторларының браконьерлердің қолынан қаза тапқаны себеп болды. Президенттің тапсырмасын орындау барысында ҰҚК департаменті елдің батыс өңірінде ақбөкендерді атып, олардың мүйізін сатқан Атырау облысының тұрғындарын тергеуге алды.
Нәтижесінде, ҚР ҰҚК-нің жедел тергеу тобы броконьерлердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде 6 294 дана ақбөкен мүйізін тәркіледі. Бұл 3 147 ерекше жануардың өлтірілгенін білдіреді. Орман және жануарлар дүниесі инспекциясы мамандарының есептеулері бойынша қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері мемлекетке кем дегенде 5 миллиард 664,6 миллион теңге зиян келтірген.
Топтың 5 жетекшісіне қатысты сот бұлтартпау санкциясын қолданып, Атырау қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алса, 2-еуі үй қамағында қалды. Қазіргі кезде қылмескерлерге қатысты сот процессі ашық режимде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс бойынша қаралуда.