Атыраулық тәртіп сақшылары жедел-профилактикалық іс-шара барысында екі күн ішінде интимдік сипаттағы қызметтерді ұсынған 20 адамды құрықтады.
Оның екеуі – трансвестит. 25 пен 28 жас аралығындағы жеңіл жүрістілер Қызылорда, Ақтау және Шымкент қалаларынан Атырауға арнайы келген. Ал күні кеше ғана ұсталған қос трансвестит ақтөбеліктер болып шықты.
Гульназира МҰХТАРОВА, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы
Жеңіл жүрісті қыздар мен трансвестит жігіттердің үстінен ҚР Әкімшілік кодексінің 449-бабымен хаттама толтырылып, ескертулер берілді. Ал жалдамалы пәтерлердің иелеріне қатысты жинақталған құжаттар Атырау облысы бойынша мемлекеттік Кірістер департаментіне жолдануда.