Virgin компаниясы Hyperloop вакуумдық пойызын алғашқы жолаушылармен сынақтан өткізді. Экспериментке компания қызметкерлері Джош Гигель мен Сара Лучиан қатысты.
Олар мінген пойыз жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейін жетіп 500 метрлік құбыр бөлігімен өтті. Жолаушылар оны ұшақтың биікке көтерілу жылдамдығымен салыстырды.
Сара Лучиан, компания қызметкері
Бұл алғашқы сынағымыз болды. Оның көлемі біздің есебімізге қарағанда сәл кішірек болған. Джош екеумізде әңгімелесуге және кабинада қозғалуға мүмкіндік болды. Қазіргі жасап жатқан дизайнымыз бойынша пойызыдң соңғы нұсқасының сыйымдылығы 28 жолаушыға арналады. Олар еш кедергісіз тұрып, еркін қозғала алатын болады. Бір сөзбен айтқанда, жолаушы үшін барлық жағдай жасалады.
Virgin Hyperloop коммерциялық вакуумдық пойызын 2021 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Компания Батыс Вирджинияда он шақырымдық сынақ жолының құрылысын бастап та кеткен. Вакуумдық пойыз идеясын 10 жыл бұрын кәсіпкер Илон Маск ұсынған еді. Бірақ ол жобаны патенттемей оны іске асыруды басқа компанияларға ұсынған. Аталған идеяны жүзеге асырушы компанияның ойынша, болашақта жолаушылар сағатына 1 220 шақырым жылдамдықпен жүре алатын болады.