Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті. Бұл туралы аудандық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.
Жиынға Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Мұстапаев Рашид Тұранұлы, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік палатасы жанындағы өңірлік кеңестің төрағасы Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы, аудан әкімі Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлы, аудан әкімінің орынбасары Теміров Жалғас Сайпадинұлы, аудандық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал қызметкерлері, ауыл әкімдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Еділ Терекбайұлы «Атамекен» ҰКП-ның VII Съезінің шешімдерімен таныстырып, өңірдегі кәсіпкерлер жөнінде және алдағы ұсыныстарды айтып өтті. Аудандағы шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Бейнеубек Көңілімқосұлы атап өтті.
Сонымен қатар облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Рашид Тұранұлы кәсіпкерлерге арналған «Жобалық кеңсе» жөнінде ақпараттарды аудан кәсіпкерлеріне таныстырды.
Жиын соңында аудан кәсіпкерлері қазіргі карантин кездегі кәсіпкерлердің жұмысы, кәсіпкерлікті дамытудағы шағын несиелер және өзге де мәселелер жөнінде сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.