Атыраудағы жаяу жүргіншілер жолағы көзге ілінбейді. Қала тұрғындары мен көлік жүргізушілерінің жанайқайы осы жерде тоғысады. Көпшілік белгілер бірнеше жауыннан кейін өшіп қала ма деп алаңдайды.
Жұрттың сөзінше, жол бойына жағылатын сырдың сапасы сын көтермейді, апаттты жағдайдың жиі орын алуына да осы ақ-сары жолақтар кінәлі.
Шахизада АБДУЛЛАЕВА, қала тұрғыны
Қалай болса, солай сызылған. Жолдан өтпек болған кезде көлік тізгіндегендер ұялы телофонға кіріп алып бізді байқамай қалып жатады. Әсіресе, 14-ші, 12-ші маршруттар. Кесірінен қайғылы оқиғаларға тап болады.
Ал әкімдіктегілер жолақтардың уақтылы жаңартылып тұратынын айтады. Тұрғындар аңсаған мінсіз жол белгілерінің жыл басынан бері 35 мың шаршы метрі қалыпқа келтірілді. Оның үштен біріне ғана термопластик төселген.
Мұхтар САҒЫНДЫҚОВ, қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы
Қыркүйек, қазан айларында бояуларды қайта жаңарттық. Жұмыс ең алдымен мектеп, балабақша орындарының алдында жүргізілді. Әлбетте, жаяу жүргінші жолақтары барлық жерге салынады, дегенмен жол-қозғалысының көп болуына байланысты өшіріліп қалады.
Биыл жолақтар үшін қазынадан көп қаражат бөлінбеді,- дейді жауаптылар. Ал бояудың аз уақытта өшіп қалуы Атыраудың қырық құбылған ауа-райына да қатысты-мыс.