Ызғарлы күнде суық үйді паналағандар жылу мәселесінің шешімін таба алар емес. Балықшы ықшамауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары орталық жылыту жүйесіне қосылғалы бері көңілдері күпті болып жүр.
Ал әкімдіктегілер бұл жайттан бейхабар еместігін жеткізіп, арнайы тексеріс жүргізілгенін айтады.
Темірлан ӘУБӘКІРОВ, қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі
Олардың кей пәтерішілік жылу құбырлары ауыстырылмағандықтан жылу айналым жүйесі бұзылғандығын анықталды. Пәтер иелеріне айтып түсіндірілді. Сонымен қатар, аталған үй – иесіз үй санатында. Кешегі тексеріс қорытындысы бойынша арнайы аппараттар мен үйге дейінгі жылудың қалыпты деңгейде келіп тұрғаны анықталды.
70 пәтерлі үйдің проблемасы мұнымен таусылмайды. Күрделі жөндеуден өткен нысанды ешбір копператив алуға құлықсыз. Тұрғындар оның себебін үй жағдайының нашарлығы мен жаңғырту жұмыстарының жөнді жасалмауынан деп түсіндірді. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы тұрғындарда өз алдына топтасып копператив құрудан немесе өзге пәтер иелері кооперативтерінің көмегіне жүгінуден басқа амалдың жоғын айтты. Тағы бір мәселе. Үй маңында автокөлік қаптап жүретіндіктен балалардың бой жазатын мүмкіндігі жоқ.
Гүлнәр КҮЛПЕЙІСОВА, тұрғын
Екі үйдің жанында дүкен бар, көліктер үшін үйіміздің алды тұраққа айналып кеткен. Ал кеңес дәуіріндегі ойын алаңына қараңыздар. Ойнауға мүмкіндік жоқ.
Ал бұл мәселе де көпқабатты тұрғын үй ПИК құрамына енген соң ғана шешілмек. Алайда қай уақытта екені әзірге беймәлім.