Өткен жұмада мемлекеттік кірістер департаментінің электрондық базасындағы ақауға байланысты жеке мүлкін сата алмай жүрген тұрғынның мәселесі көтерілген еді.
Еске салсақ, Бауыржан Көбеевтің дүние-мүлкіне салығын уақытында төлей алмағандығы үшін шектеу қойылған болатын. Кәсіпкер қарызын екі апта бұрын өтесе де, салық департаментіне қарасты базада оның күші жойылмады. Дегенмен мәселе көп ұзамай шешімін тапты.
Ринат БӨЛЕКОВ, Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары
Жеке кәсіпкердің мүлкін шектеу техникалық ақаулықтарға байланысты болған еді. Қазір бұл проблема толықтай шешілді. ХҚКО-мен бірлесе отырып, салық төлеушінің мәселесі толықтай жойылды. Қазіргі таңда мемелкеттік кірістер органдарының базасы өз деңгейінде жұмыс жасап тұр.
Департаменттегілер алда-жалда мұндай келеңсіздікке тап болмау үшін салықты уақытында төлеу қажеттігін айтады. Берешеке белшесінен батпаса, техникалық ақау да тұсау болмайды,- дейді олар.