Қойнауы мұнай мен газға толы 10 жер учаскесі алғаш рет онлайн-аукцион арқылы саудаланбақ. Бұл аумақтардың басым бөлігі – Атырау облысында, ал қалғаны көршілес өңірлерге тиесілі.
Бір қызығы, жерді ел азаматтарынан бөлек шетелдік кәсіпкерлер де иемдене алады. Жалпы, ауданы 29 мың шаршы шақырым болатын аумақты алуға 30 шақты адам ниетті. Олар қол қою бонусына 400 млн теңге көлемінде қаражат беріп үлгерген. Заңнамаға сәйкес, барлау және өндіруге арналған келісім шарттар 6 жылға дейін, ал өндіруге арналғандары 25 жылға дейін беріледі.
Асылбек ЖӘКИЕВ, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ресми өкілі
Аукционды 23 желтоқсанда өткізетін жоспар бар. Оның бізге пайдасы зор. Геология саласындағы дағдарысты қалыпқа келтіретін және дамытатын жоба десек те болады. Екіншіден, мұнай табылған жағдайда да күллі Қазақстанның экономикасына оң әсерін тигізеді. Оның үстіне, қосымша салық, қосымша жұмыс орнын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы бастама деп білеміз.