23 қазаннан бастап АМӨЗ ЖШС жанында орналасқан LED-экранда зауыттың санитарлық-қорғау аймағы шекарасындағы бақыланатын төрт нүктеден түсетін атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректер сағат сайын жарияланып келеді.
Бақылау тәулік бойы автоматты түрде жүзеге асырылады. Ауадағы ластаушы заттар күкіртсутегі, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті ангидрид және көмірсутектердің көрсеткіштері бойынша нақтыланып отырады. Сондай-ақ, стансаларда желдің бағыты мен жылдамдығы, ауа температурасы, атмосфералық қысым және салыстырмалы ылғалдылық сынды метеорологиялық сипаттамалар анықталуда.
Автоматты стансалардың деректері «Wincollect» ақпарат жинау мен өңдеу бағдарламасымен «Қазгидромет» РМК-ның FTP-серверіне жіберіледі.