Қала мектептеріне 326 компьютер таратылады. Қашықтан оқып жатқан балаларды облыстық білім басқармасы тағы жүздеген техникамен қамтамасыз етуде.
Осыдан 1 ай бұрын облыстық білім басқармасы жергілікті қазынаның қаражатына 2 000-ға жуық планшет таратқан еді. Алайда 2 апта уақыт өтпей жатып 200-ге жуығынан ақау табылып, ата-аналардан арыз түсті.
Бағдат МҰРАТБЕКОВ, жеткізіп беруші мекеме өкілі
Қазіргі таңда әкеліп берген компьютеріміз баланың онлайн сабақ оқуына толық мүмкіндік береді. Барлығы да жоғары сапалы. Жүйелік блогына 3 жылға дейін, қалған бөліктеріне 1 жылдық кепілдік бар.
Техниканы қабылдап, сапасын тексеруге қалалық білім бөлімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері қатысты. Олардың айтуынша, техникадан ақау шықса, тендерді ұтып алған мекеме 1 жылдың ішінде жаңасына ауыстырып береді.