Атырауда күні кеше жұмысы қайта жанданған кинотеатрлардың билет құны шарықтап тұр. Тұрғындар өзге қалалармен салыстырғанда екі есе жоғары бағаға шағым айтуда.
Мәселен, қазір прокатқа шыққан отандық туындыны басқа облыстардың тұрғындары 1500 теңгеге көре алса, атыраулықтар 3000 төлеп тамашалайды. Мұнайлы өңір студенттеріне билеттер 1800, балаларға 1500 теңгеден саудалануда. Араға жеті ай салып көреременін қабылдаған кинозалдың өкілі себебін түсіндіруден бас тартты. Жалпы, пандемияға дейін де шаһардағы билет құны өзге өңірлермен салыстырғанда қымбат болған.