Осыдан бір ай бұрын ірі көлемде пара алды деген күдікпен тергеу изоляторына қамалған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев өңір басшысына өзін лауазымынан босату жөнінде арыз жазды. Күдіктінің бұл хатын заңгер Игор Вранчев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Дегенмен Нұрлан Таубаев өзінің бұл шешімін кінәсін мойындау деп қабылдамауды сұрайды. Сондай-ақ, хатта «жазықсыздығымды дәлелдеймін, өйткені, мені кінәлайтындай іске бармадым дейді. Осы әрекетімнің бірден-бір себебі – үстімнен іс қаралып жатқан кезде бұл қызметті атқара алмаймын» делінген.