Дендер топырағынан түлеп ұшқан, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың мұрасын келер ұрпаққа насихаттау мақсатында Табылдытану жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, БҚО Сырым ауданы әкімдігі мен білім беру бөлімі «Жас туристер» стансасының ұйымдастыруымен ақын құрметіне аймақтық байқау ұйымдастырды. Онлайн бәйгеде индерлік өнерпаз оза шауып, бас жүлдені ақын ескерткішінің алдында иемденді.
Бейбіт БАТЫРШИН, «Жас туристер» стансасының директоры:
— Бұл сайысқа Маңғыстау облысынан, Атырау облысынан және Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан 22 қатынасушы осы байқауға қатысты. Нәтижесінде Табылды Досымовтың жерлесі Алтынбек Айболатұлы бас жүлдені жеңіп алды. Бұл шара жалғасын тауып жалпы Қазақстан өңірлерінде насихатталса екен деп ойлаймын.
Жас өнерпаздар Табылдының талайды тамсандырған әндерін түрлі аспапта орындап, алуан тақырыптағы туындыларын халық арасында кеңінен насихаттауда.
Алтынбек БАҚТЫГЕРЕЕВ, байқаудың бас жүлдегері:
-Осы Табылды ағамыздың әндерін насихаттап жүргенімізге Аллаға шүкір біраз жыл болды. Осы байқауға қолқа салғаннан кейін қатысқанбыз. Табылды ағамыздың жалпы бардық әндері, лирикалық әндері өте керемет. Адамның жанын баурайтын әндер. Табылды ағамыздың әндерін мектеп қабырғасында жаттап, тыңдап өстік. Соның арқасы болар бас жүлде бұйырып жатыр.
45 жасында құйрықты жұлдыздай аққан бард ақынның шығармашылығы қазақ аспанында қалықтап, елмен бірге өмір сүретініне сенім бол.