Облыс тұрғындарына құлаққағыс. Қазанның аяғына қарай күн күрт суытуы мүмкін,- дейді синоптиктер. Аймақтағы желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеймек. Сондай-ақ, орташа ауа температурасы +5-ке дейін төмендейді. Ауа райындағы өзгеріс бұл ғана емес. Түнгі уақыттағы термометр көрсеткіші минус үшке дейін бармақ.
Қазан айының соңғы апталарында біздің аймақтың ауа-райына солтүстік-батыстан соғатын циклон әсер етпек. Сондай-ақ, жаңбыр күтіледі. Түнгі ауа-температурасы 2 мен 7 градус аралығында болғанымен,өңірдің солтүстігінде 3 градусқа дейінгі аяз күтіледі.