Соңғы күндері өңірде эпидемиялогиялық ахуал күрт нашарлады. Осыған орай облыс әкімінің орынбасарлары қатысқан жиналыста кәсіпкерлік және білім басқармалары жүргізіп жатқан мониториң жұмыстары талқыланды. Қаланың бас санитары карантин шараларының сақталуын тексеру мақсатында 18 мобильді топ күндіз-түні жұмыс жасап жатқанын жеткізді.
Қанат Ғайнеденов рейд барысында үйлерде өткізілетін жиындарға кіру қиындық туғызбас үшін төтенше жағдайлар департаментін қатарға қосуды ұсынды.
Сондай-ақ, жиында қаладағы 10 мектепте карантин талаптарының бұзылғаны әңгіме болды. Нақтырақ айтқанда, кіреберісте, дәліздерде, сынып бөлмелерінде, басқыштарда арақашықтықты сақтауға арналған ескертпелер ілінбеген. Тіпті, кей мектепте арнайы журналдар да толтырылмаған. Бірақ Білім басқармасының маманы жіберілген қателіктерді түзеп, мектептердің санитарлық құралдармен толық қамтамасыз етуге қаржы жеткілікті екенін жеткізді.
Фаруза ШАНГЕРЕЕВА, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы
Қаржы барлық мектепте толық бар. Олар қазір тағы второя волна келед дегесін, повторно закуп жасап жатыр.Вдруг штатный режимде балалар оқып қалуы мүмкін немесе тағы да бір жағдайлар болып қалуы мүмкін. Мектептің сұраныстары бойынша барлық қаржы бөлініп отыр.
Билік өкілдері рейдтің оқу процесіне зиян келтірмей тек дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүргізуді қатаң тапсырды. Сонымен қатар, отырысқа аудан әкімдері онлайн қатысып, ауылдардағы тексеріс туралы хабарлады. Сөз соңында қателіктердің қайталанбауы қатаң ескертіліп, басқармалардың бел шеше жұмыс атқару керектігі айтылды.