Қаражанбас кен орны 20 млрд теңге көлемінде салықтық айыппұлға тап болды. Экология департаменті мамандарының аумаққа жасаған жоспарлы тексерісі кезінде 36 мың тонна мұнай қалдықтарының еш рұқсатсыз сақталғаны анықталды. Осыған орай, құзырлы орган өкілдері ескерту де жасаған.
Кейін экология департаменті мемлекеттік кірістер органына кемшіліктердің анықталғаны туралы хат жолдап, эммисиялар есептелінді. Яғни, экологиялық кодекстің талабы бұзылып, қоршаған ортаға залал келтірілді деген қорытынды шығарылды. Көп ұзамай, талап-арызды қараған Нұрсұлтан қаласындағы сот 20 млрд теңге айыппұл төлеу жөніндегі шешімді жариялады.
Нұрлан САДЫҚОВ, Маңғыстау облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары
Тексеріс кезінде 36 мың мұнай қылдықтары анықталған полигонда. Бұл мұнай қылдықтары 2010 нан 2019 жылға дейін рұқсатсыз сақталған. СКЛЕЙКА Природаохранный прокуратурасының представлениесін бергеннен кейін, олар осы барлық эммиссияларды санап шығуы керек. Налоговый кодекс бойынша осы 9 жылдың ішінде төлемеген нәрсені, осының бәрі есептеліп 20 млрд шығарылған. Яғни пенямен бірге.
Алайда, келтірілген залалдың құны мемлекеттің пайдасына әлі өндірілмеді. Себебі, екінші тарап бұл шешіммен келіспейтінін айтып, Жоғарғы сотқа апеляциялық шағым түсірген. Қазіргі уақытта бұл іс сот қарауында болғандықтан, айыппұл туралы әңгіменің ақырына жетпедік десек те болады.
Бақытжан Сатылханұлы, Сәбит Амангелдіұлы.