Атырау–Ақтөбе тасжолының құрылысы кезінде учаске басшысы қаза тапты. Қайғылы оқиға 3 қазан күні Қызылқоға ауданында тіркелді. Бізге жеткен ақпарат бойынша, асфальт тегістейтін ауыр техника 56 жастағы армениялық азаматтың аяғын басып кеткен. Жарақаттың салдарынан ол ауруханаға жеткенше жан тапсырған.
Игілік ӘУБӘКІРОВ, Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы /аударма/ руководитель управления государственной инспекции труда Атырауской области
Бұл ақпарат ресми түрде расталды. Енді еңбек инспекциясы жанынан осы оқиғаны тергеу жөнінде комиссия құрылып, қорытынды шығарылатын болады. Қызметкер кінәлі ме, әлде жұмыс беруші айыпты ма – анықталады.
«Kazkomservice» мекемесінде бұған дейін де 1 апатты жағдай болғанмен, өлім дерегі тіркелмеді. Жалпы, соңғы 9 айдың есебі бойынша облыстағы өндіріс орындарында 8 адам қаза болған.