«Finprom» порталының мәліметтері бойынша, өңірлердің сыбайлас жемқорлық рейтингінде 56 жағдаймен Атырау облысы 8-ші орынға тұрақтаған.
Алғашқы үштіктен көрінген өткен жылғы нәтижеге қарағанда биылғы көрініс жаман емес. Сегіз айдың есебінше, Батыс Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары жемқор аймақтардың көш басында тұр. Жалпы, республика көлемінде қыркүйекке дейін 1 жарым мыңнан аса сыбайлас жемқорлыққа қатысты дерек тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 12,6 пайызға кем. Құқықбұзушылықтың басым бөлігі шенеуніктердің пара алуымен байланысты болған. Оның үстіне, сыбайласудың осы түрі 10 процентке артқан.