Биыл атыраулықтар Смағұлов пен Құрманғазы алаңдарында күн суытқанша серуендеп үлгермеуі мүмкін. Себебі, бюджеттен бөлінген қаражатты үнемдеу мақсатында дайын тұрған жобалық сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты құрылыста кідіріс болған.
Расында, алаңдардың қазіргі күйіне қарасақ, биыл бітетін түр байқалмайды. Алайда әкімдіктегі ағайындар абаттандыру жұмыстарын аяқтауды жыл соңына дейін жоспарлап қойған көрінеді.
Бұдан бөлек, «Вокзал маңындағы» Мұқашев алаңында да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Әкімдіктегілердің сөзіне сенсек, қала тұрғындары мен қонақтары бұл жерде қараша айынан бастап демала алады.