Пандемия құрбандарының саны 1 млн-ға жуықтады. Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауда ұстау мүмкін болмай отырғанын мәлімдеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен ол халықты індетпен бірге күресуге шақырды. Баспасөз мәслихатында вакцина мәселесі де қозғалды. Көпшіліктің коронавирусқа қарсы екпеге үміт артып отырғанын атап өткен Гутерриш бір ғана вакцинаның бұл дағдарыстың шешімі бола алмайтынын да айтып қалды.
Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас экономисі Лоуренс Бун 2021 жылдың соңында коронавирус пандемиясының әлемдік экономикаға тигізер залалы 7 триллион долларға жететінін айтты.