Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 263 жағдайы және 3 өлім тіркелді. Оған қоса, 72 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері барлығы 30 337 адам ауру жұқтырып, 335 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 26 478-ге жетті.
Соңғы тәуліктің есебінше, Атырауда 7 науқас тіркелді. Ал Маңғыстауда әдеттегідей аурудың жаңа дерегі анықталмады.