Атырау қаласы аймағында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған 224 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Соңғы аптада қалада осындай 12 іс тіркеліп, оның 3-іне әкімшілік шаралар қолдынылған.
10 қыркүйек сағат 10:00 шамасында Вокзал маңында тұрған «Nissan Almera» маркалы көлік құралын белгісіз автокөлік соғып, оқиға орнынан жасырынған. Алайда полицейлер іздестіру барысында жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған «Lada Largus» автокөлігін анықтады. Оның 1997 жылғы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.
Жол-көлік оқиғасын жасап орнынан кетіп қалғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру, сондай-ақ 611-бабының 2-бөлігі бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру көзделген.